Эмоционалды интеллект

Алғы сөз

Бірінші ай тақырыбы “Физиология” болып, журналды толығымен “Ұйқы” тақырыбына арнасақ, екінші ай тақырыбы да, журнал да “Эмоционалды интеллектке” арналады.


Екінші айда, сіз медитация жаттығуларын жалғастырасыз. Және дәл осы екінші айдағы жаттығуларды дұрыс орындау маңызды. Себебі алдығы айда күтіп отырған емтиханды өтуде маңызды рөл атқарады.

Эмоционалды интеллект дегеніміз не?

Интеллект коэффициентінің жоғары болуы сезімдермен емес, логикамен жұмыс істеу қабілетін ғана көрсетеді. Сол себепті эмоционалды интеллект түсінігі енгізілген. Біз бүгін аталған түсінік жайлы сөз қозғайтын боламыз. 


Сіз ақылды болса да, олармен араласқыңыз келмейтін адамдарды қаншалықты жиі кезіктіресіз? Олар ақылды емес, керісінше ақылға қонымсыз болып көрінеді. Олардың IQ-ы жоғары болса да, ешкім олармен аралысқысы келмейді. Мұндай адамдар логикалық есептерді өте жақсы шешсе де, жеке басына қатысты кез келген мәселе олар үшін алынбас қамалдай көрінеді. Мұның себебі неде? 


Психологтар бұл сұрақтың жауабын ширек ғасыр бұрын берген екен. Біздің ақылымыз тек логикалық қана емес, сонымен қатар эмоционалды бөліктен де тұрады. Интеллект коэффициентінің жоғары болуы сезімдермен емес, логикамен жұмыс істеу қабілетін ғана көрсетеді. Сол себепті эмоционалды интеллект түсінігі енгізілген. Біз бүгін аталған түсінік жайлы сөз қозғайтын боламыз.


Эмоционалды интеллект — бұл өзіңнің және айналаңдағы адамдардың сезімдерін дұрыс түсіндіру, сондай-ақ оларды басқара білу қабілеті. 


Қазіргі таңда эмоционалды интеллектті сандық бағалауға арналған межелік (шкала) жоқ. Ережеге сай, тұлғаны бағалауға болатын жеке сипаттамалар бар. Эмоционалды интеллект сол аталған құрауыштардан тұрады. Олардың әрқайсысын жеке-жеке қарастырып көрейік.

Сезімді білдіру қабілеті

Көптеген адамдардың бойында олар жасырын ұстауды әдетке айналдырған белгілі бір эмоциялар болады. Мысалы, кәсіпкер келісімшартқа отыру барысында өз қорқынышын немесе сенімсіздігін жасыруы керек. Кері жағдайда ол келісімшарттың өзі қалаған шарттарына қол жеткізе алмай қалуы мүмкін. Олардың қатарына өзіміз шын мәнінде сезінбейтін сезімдерді білдіру қажеттілігін қосыңыз. 


Әдеп бойынша сатушы шын мәнінде қуанышты болмаса да, сатып алушыға күлімсіреуге мәжбүрлейді.

Сезімдерді бағалау

Сезімдерді білдіру қабілетінің сыртқы көрінісі оларды түсіну болып табылады. Айналамыздағы адамдардың да, өзіміздің де сезімдерімізді түсіну маңызды. Егер біз өз сезімдерімізді бағалайтын болсақ, онда ойымызды қалай қалыптастыратынымызға, не сезінетінімізге баса назар аударуымыз керек. Қасымыздағы адамдардың сезімдеріне сыртқы келбет, ымдау, ишарат, дауыс ырғағы және т.с.с арқылы талдау жасалады.

Ой жүгірту барысында сезімдерді пайдалану

Біздің өмірге разы болғанда және күйзеліске ұшыраған кезде бірдей оқиғаларға беретін бағамыз әртүрлі ме? Әрине, жоқ. Ашу және фрустрация кезіндегі шешім қабылдау жылдамдығымыз да әртүрлі болады. Сондықтан біздің белгілі бір эмоционалды күйде шешімді қалай қабылдайтынымызды түсіне білу жетістікке жетуімізге ықпалын тигізеді. 


Сезімдер ойлана білу қабілетіне де әсер етеді.

Сезімдердің себебін түсіну

Сезімдер — бұл кездейсоқтық емес. Біздің денеміз, санамыз әртүрлі оқиғаларға алуан түрлі сезімдермен жауап береді. Сезімдердің пайда болуына әсер ететін белгілі бір ережелер бар. Қасыңыздағы адамның не үшін ашуланғанын түсіну алдымен оны тыныштандыруға, содан кейін одан өзіңіз қалаған нәрсені алуға мүмкіндік береді. 


Сезімдер — бұл бізге айналамызда не болып жатқанын жеткізуге мүмкіндік беретін эволюциялық механизмдер.

Сезімдерді басқару

Сезімдердің пайда болуына әсер ететін себептердің барлығын бірдей өзгерту мүмкін емес. Ол Сізді қаншалықты жабырқатса да, үш күн қатарынан жауған жаңбырды тоқтата алмайсыз. Сіз өз сезімдеріңізді қалай білдіруді басқара аласыз. Біз қандай сезім сезінсек те, әрқашан таңдау құқымыз бар. 


Сезімдер Сізді емес, керісінше Сіз оларды басқаратыныңызды есте сақтаңыз.

Эмоционалды интеллект не себепті маңызды?

Эмоционалды интеллектті зерттеу мен оны тәжірибеде пайдалану арасында үлкен айырмашылық бар. Сіз қандай да бір іс-әрекеттер жасау керектігіңізді түсінуіңіз мүмкін, бірақ бұл Сіздің әсіресе күйзеліс жағдайында оларды орындайсыз деген сөз емес. Өзіңіздің мінез-құлқыңыздағы әдеттеріңізді өзгерту үшін күйзелісті жеңе білуді үйрену керек.

Әдетте эмоционалды интеллект бес бөліктен тұрады:

Өзін-өзі тану

Сіз өзіңіздің сезімдеріңізді тани аласыз және олардың өзіңіздің ойларыңыз бен тәртібіңізге қалай әсер ететінін түсінесіз. Сіз өзіңіздің мықты және әлсіз жақтарыңызды білесіз, өз күшіңізге сенімдісіз. 


Өзін-өзі бақылау

Сіз қызба сезімдерді бақылап, қарым-қатынастағы өз сезімдеріңізді басқара аласыз, бастаманы өз қолыңызға ала аласыз, міндеттеріңізді орындап, өзгерістерге бейімделе аласыз. 


Эмпатия

Сіз жақсы қарым-қатынасты қалай дамытуды және оларды сақтап қалуды, оңай тілдесуді, басқа адамдарды ынталандыруды және оларға бағыт-бағдар беруді білесіз. 


Ынталандыру

Сіз өзіңізді мақсатыңыз бен арманыңызға жетелейтін әрбір келесі қадамды білесіз. 


Әлеуметтік дағдылар

Сіз басқа адамдардың сезімдерін, қажеттіліктерін және қиындықтарын түсіне аласыз, бейсезімдік (невербальные) белгілерді танисыз, өзіңізді ортада жайлы сезінесіз, топтағы немесе ұйымдағы адамның орнын анықтап, топ ішіндегі жанжалды шеше аласыз. 


Шынайы өмір ақылды адамдардың әрдайым жетістікке жетіп, қоғамда жоғары мәртебеге ие бола бермейтінін көрсетеді. Бәлкім Сіз де керемет білімді болса да, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда жұмыста да, жеке өмірде де біліксіз адамдарды танитын боларсыз. 


Жоғары IQ мансапта да, отбасылық өмірде де әрдайым жетістікке әкеле бермейді. Иә, ол беделді оқу орнына түсуге мүмкіндік береді, бірақ қорытынды емтихан алдында сезімдерді басуға тек эмоционалды интеллект қана көмектеседі. Жалпы алғанда IQ мен EQ бір-бірін күшейтеді. 

Сонымен, эмоционалды интеллект келесілерге әсер етеді:

Мектептегі оқу үлгерімі және жұмыстағы нәтижелілік.

Эмоционалды интеллект Сізге жұмыс орнындағы күрделі әлеуметтік байланыстарға бейімделуге, көшбасшы болуға және басқаларды ынталандыруға, мансапта жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Көптеген компаниялар оны кәсіби құзыреттерге (компетенции) қарағанда маңызды сипаттама деп есептеп, сұхбаттасу барысында үміткердің эмоционалды интеллектін бағалайды. 


Тән саулығы

Егер Сіз өз сезімдеріңізді басқара алмайтын болсаңыз, онда күйзелісті де бақылай алмауыңыз мүмкін. Бұл денсаулыққа қатысты көптеген қиындықтар тудыруы мүмкін. Бақылауға алынбайтын күйзеліс қан қысымын арттырады, иммундық жүйені төмендетеді, жүрек ұстамасының пайда болу ықтималдығын арттырады, белсіздікке және ерте қартаюға әкеледі. 


Психикалық жағдай

Бақылауға алынбайтын сезімдер мен күйзелістер психикалық денсаулыққа әсер етеді, ал ол өз кезегінде бізді қорқыныш пен жабығу алдында әлсіз ете түседі. Егер Сіз өз сезімдеріңізді басқармайтын болсаңыз, берік қарым-қатынас құра алмайсыз. Нәтижесінде жалғыздық пен оқшаулану сезімі туындайды. 


Қарым-қатынас

Сіз өз сезімдеріңізді түсіну және басқару арқылы жақындарыңызға деген қарым-қатынасыңызды білдіруді, қасыңыздағы адамдарды сезінуді үйренесіз. Бұл барынша тиімді араласуға және сенімді байланыс орнатуға көмектеседі.

Эмоционалды интеллектті қалыптастыруға не көмектеседі?


1. Өзін-өзі тану 

Психологтар ағымдағы күйзелістер бұрынғы эмоционалдық тәжірибенің көрінісі дегенді айтады. Бұл Сіздің ашуды, өкпе-ренішті, қорқыныш пен қуанышты қабылдау қабілетіңіз өміріңіздің бұрынғы сәтіндегі сезімдердің сапасы мен толықтығына тәуелді дегенді білдіреді. 


Егер Сіз бұрын өз сезімдеріңізді бағалап, түсінген болсаңыз, онда олар келешекте құнды активке айналады. Ал егер күйзелістеріңіз ауыр әрі шиеленіске толы болған болса, онда Сіз олардан қашқақтау үшін бәріне дайын боласыз. Бірақ тіпті теріс сезімдердің өзінен қашпау керек, себебі өзіңнің эмоционалдық күйіңді қабылдау мен түсіну — күйзелістердің Сіздің ойларыңыз бен әрекеттеріңізге қалай әсер ететіндігін түсінудің негізі болып табылады. 


Өзіңізге бірнеше сауал қойып көріңіз:


Сіздің эмоцияларыңыз асқазан, тамақ немесе көкірек қуысындағы физикалық сезімдермен қатар жүре ме? 


Сіз өзіңіз бен қасыңыздағы адамдардың назарын толықтай басып тастайтын күшті эмоцияларды сезіне аласыз ба? 


Сіз шешім қабылдау барысында өз сезімдеріңізді бақылауға аласыз ба? 


Кем дегенде бір теріс жауаптың болуы Сіздің сезімдеріңіздің тұншыққандығын немесе сөнгендігін білдіреді. Дұрыс эмоционалды интеллектке ие болу үшін Сіз күйзелістерді қабылдап, оларды өзіңіздің жайлы зонаңызға кіргізуіңіз керек.

Төменде өзін-өзі тануды жақсартудың ең жақсы әдістері келтірілген:

Сананы жаттықтырыңыз

Яғни назарды дәл қазіргі сәтке мақсатты түрде бағыттауыңыз керек. Әдетте сананы буддизмдағы медитациямен байланыстырады, бірақ көптеген әлемдік діндер осыған ұқсас дұға түріндегі дүниелерді орындайды. Ол алаңдаушылықты басады, тыныштандырады және ретке келтіреді, мінез-құлықты тәртіпке салады. 


Күнделік жүргізіңіз

Әр күннің соңында Сізге не болғанын, өзіңізді қалай сезінгеніңізді және қиындықтармен қалай күрескеніңізді жазып отырыңыз. Белгілі бір уақыт сайын өткенге оралып, әдеттегі оқиғаларға талдау жасаңыз, қай уақытта жұмысты соңына дейін жеткізбегеніңізді немесе шамадан тыс тырысқаныңызды белгілеп отырыңыз. 


Жақындарыңыздан өзіңіз туралы сұраңыз

Бірнеше адамның пікірі Сіздің мықты және әлсіз тұстарыңызды айқындап береді. Барлығын тіркеп, заңдылықтарды табуды ұмытпаңыз. Бастысы, дауласып, қарсы шықпау керек. Сіз үшін өзіңізге сырт көзбен қарау маңызды болып табылады.

Эмоционалды интеллектті қалыптастыруға не көмектеседі?


2. Өзін-өзі бақылау

Сезімдерді түсіну — бұл эмоционалды басқаруға жасалатын алғашқы қадам. Сіз конструктивті шешім қабылдап, тәртіп сызығын ретке келтіру үшін сезімдерді пайдалануыңыз керек. Сіз шамадан тыс күйзеліске ұшыраған кезде өзіңізді басқара алмай, байыптылығыңызды жоғалтып алуыңыз мүмкін. 


Шамадан тыс күш жұмсау кезінде дұрыс ойланудың оңай еместігін еске түсіріңіз. Әрине, олай емес. Бұл мидың ойлау үдерістерінен алыстап, сезімдердің шамадан артық болуына ауысатындығына байланысты. 


Сезімдер ақпараттың маңызды бөліктері болып табылады, олар бізге өздері және басқалар жайлы мәлімет береді. Алайда біз күйзеліс кезінде жабырқап, өзімізді басқара алмай қаламыз. Күйзелісті жеңуді үйреніңіз. Осылайша Сіз сезімдер мен тәртіпті бақылауға алып, қарым-қатынастарды басқара аласыз, бастаманы өз қолыңызға ала аласыз, міндеттеріңізді орындап, өзгермелі әлемге бейімделе аласыз. 


Өзін-өзі бақылауды қалай үйренуге болады? Сіз ренжіп тұрған сәтте онға дейінгі санау жайлы дәстүрлі әдісті естіген боларсыз. 


Ашу немесе күйзелісті басу әрдайым қолдан келе бермейді, бірақ кейде физикалық соққы да орынды болып табылады. Шаршауды сезінсеңіз — кішігірім жаттығулар жасаңыз. Күшіңізді жинай алмасаңыз — өзіңізді шапалақтап жіберіңіз. Жалпы алғанда, жеңіл түрдегі есеңгіреуге (шок) әкелетін кез келген физикалық әсер ету теріс шеңберді үзеді екен.

Эмоционалды интеллектті қалыптастыруға не көмектеседі?


3. Эмпатия

Біз әрқашан дәл өзімізге ғана не маңызды екендігіне назар аударамыз. Бірақ біздің сезімдеріміз — қарым-қатынастың жартысы ғана. Қалған адамдардың барлығының өз сезімдері, арман-тілектері, триггерлері мен қорқыныштары бар. Сондықтан уайымдау — тіршілікке қажетті аса маңызды ептілік. 

Сізге эмпат болуға көмектесетін бірнеше кеңесті іске асырып көріңіз:

Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз

Бұл шынайы жаны ашитын кез келген адамның алтын ережесі. Әрине, Сіз басқа адамның барлық сезімдерін бойыңыздан өткізе алмайсыз, бірақ оны естуге талпынып көрсеңіз болады. Адамның сөзін өз ойларыңызбен бөлмей, оған ішіндегісін ақтаруға мүмкіндік беріңіз. Бұл әсіресе күшті әрі жағымсыз сезімдер болған жағдайда қиынға соғады. Алайда кез келген қарым-қатынас Сіздің әңгімеге кіріспес бұрын бірнеше секунд кідіруіңіздің арқасында ғана берік бола түседі. 


Өз ұстанымыңызға қарамастан қарама-қарсы пікірді қабылдаңыз

Адамды не нәрсенің алға жетелейтінін білу үшін оның орнында болып көру керек. Егер Сіз бастығыңыз албырт күйде жүр деп есептесеңіз, онда іштей оны ақтап көріңіз. Бәлкім, оның орнында болсаңыз, Сіз де солай жасауыңыз мүмкін. 


"Мен білемін" және "мен сені түсінемін" сөздерінің арасындағы айырмашылықты түсініңіз

Алғашқысы Сіздің осыған ұқсас өмірлік тәжірибеңіздің болғандығын, ал кейінгісі Сіздің оқиғаны ой елегінен өткізіп, орнына өзіңізді қоя білгендігіңізді білдіреді. Әрине, өзгелердің қиындықтарын түсіну — қарым-қатынастағы сенімді әрі әділетті деңгей. 


Эмпатия Сіздің оқиғаға жауап беруіңізді білдіреді, бірақ ол дәл уақытында іске қосылуы керек. Егер біреу еңіреп жылауға дайын болса немесе қайғыдан жүрегі жарылардай болып отырса, онда оның сезімін басып тастауға тырыспаңыз. Адам өз эмоцияларын шығарып тастауы керек және оған Сіздің көмегіңіз керек болуы мүмкін.

Эмоционалды интеллектті қалыптастыруға не көмектеседі?


4. Ынталандыру

Біз ынталандыруды эмоционалды интеллект құрауышы ретінде қарастырған кезде төсектен тұруға қажетті психологиялық күштерді емес, ішкі өзекті тұспалдаймыз. Психологтар айтатындай, біздің өзегіміз бас мидың префронтальды қабықшасында орналасады. Ол маңызды тапсырманы орындау жайлы ой келген сәтте белсенді түрде жұмыс істей бастайды. 


Мақсат — мансап, отбасы, өнер туындысы, Сіздің өміріңізде маңызды орын алатын кез келген нәрсе болуы мүмкін. Ынталандыру іске қосылған кезде ол шынайылықпен үйлеседі де, біз шынайы іс-әрекет жасай бастаймыз. Ынталы адамдар қызмет бабында жоғарылау үшін өздігінен білім алуға кіріседі. 


Өз өзегіңді қалай табуға болады? Бірінші кезекте өз құндылықтарыңды анықтап алу керек. Көпшілігіміздің жұмысбастылығымыз сонша өз ішімізге үңіліп, басымдылықтарды анықтауға үлгермей жатамыз. Адамның өз дүниетанымы мен өмірлік қағидаларына тікелей қарсы келетін жұмысты орындауы одан да жаман болып табылады. 


Екіншіден, мақсатыңызды қағазға түсіріп, оны егжей-тегжейлі жазу керек. Сондай-ақ, үлкен жетістіктің ұзақ уақытқа созылатынын түсіну керек. Ол кішігірім жеңістер мен сәтсіздіктердің ащы дәмінен тұрады.

Эмоционалды интеллектті қалыптастыруға не көмектеседі?


5. Әлеуметтік дағдылар

Әлеуметтік дағдылар — бұл айналамыздағы адамдар бізге әрдайым жолдап отыратын бейсезімдік (невербальные) белгілерді түсіну қабілеті. Бұл белгілер адамның нені сезінетіндігі және ол үшін не нәрсенің шын мәнінде маңызды екендігі жайлы нақты көрініс береді. Бейсезімдік (невербальные) белгілерді қабылдау үшін адамның қасында болған кезде мақсаттар мен тапсырмалар жайлы ойламай, өз ойларыңызды тоқтатуыңыз керек. 


Ағымдағы оқиға емес, басқа нәрсе туралы ойлайтын болсаңыз, әлеуметтік дағдылар Сізге көмектесе алмайды. Біз өткенді еске алып немесе келешекті ойлаған кезде жай ғана осы сәтті қолымыздан шығарып аламыз. Нәзік бейсезімдік белгілерді сезіну осы себептерге байланысты күрделене түседі. 


Көптапсырмалық жайлы қиялдамай-ақ қойыңыз. Иә, біз бір тақырыптан екіншісіне оңай ауыса аламыз, бірақ мұндау ауысу барысында басқа адамдарды түсінуге көмектесетін нәзік эмоционалдық өзгеріс жоғалады.

Келіспеушіліктерді шешу арқылы әлеуметтік дағдыларды оңай жетілдіруге болады:

Алдымен бір-біріңізге көңіл бөліп, мәселеге содан кейін оралыңыздар. Романтикалық қарым-қатынаста серігіңіздің есіне сынаудың артында қамқорлық пен махаббаттың жатқандығын салып отыру керек. 


Кикілжіңнің себебін екі жақтын да дұрыс түсінгеніне көз жеткізіңіз.

Екі жақтың да көңіл қалауын ескеретін және қосымша талаптарды міндеттемейтін өзара тиімді шешім ұсыныңыз. 


Тіпті айтарлықтай жағымды болмаса да, бір сарында аяқтаңыз. Сіздің бастығыңыз, әріптесіңіз немесе өмірлік серігіңіз екеуіңіздің көзқарастарыңыз әртүрлі болса да, олармен бір жолда келе жатқандарыңыз жайлы білуі керек. 


Шиеленістерді шешумен қатар танысуды, әңгімені жалғастыруды, ойнауды үйренуіңіз керек. Сондай-ақ, әртүрлі ұлтқа тиісті адамдардың менталитетін білген де дұрыс.

Көңіл-күйді көтеруге арналған әрекеттер/әдеттер тізімі

  1. Танымал адамдардың мотивациялық видеолары (Тони Роббинс, Опра, Уилл Смитт, Лес Браун, Кейти Байрон, ...)
  2. Тәлімгермен/коучпен кездесу 
  3. Мастермайнд топта араласу/шеринг 
  4. Сүйікті әуендер тізімі 
  5. Кітаптар (аудио)/сүйікті фильм 
  6. Йога/спорт 
  7. Медитация/мантралар 
  8. Табиғатта серуендеу 
  9. Би 
  10. Құшақтаулар 
  11. Демалу - 10 рет терең тыныс алу 
  12. Аффирмациялар оқу 
  13. Батутта секіру 
  14. Жалаң аяқ серуендеу 
  15. Аяқты қыздыру 
  16. Жазба/күнделік жазу 
  17. Көбікті ваннада жату 
  18. Массажға бару 
  19. "Мен өзімді не себепті мақтан тұтамын" тізімін оқу 
  20. Мақсаттарыңызды жазу/жаңарту және келешекті қалай елестететініңізді жазу 
  21. Телефонды сөндіру/басқа бөлмеде қалдыру 
  22. Аспанға/жұлдыздарға және айға қарау 
  23. Ата-анаңызға арналған махаббат хабарламасы немесе қоңырауы 
  24. Пайдалы әрі сіңімді ас 
  25. Жүгіру 
  26. Пайдалы ас әзірлеу 
  27. Қонақ шақыру 
  28. Кездейсоқ игі іс істеу және ешкімге айтпау/Қайырымдылық 
  29. Айнаға қарап өзіңізге /кездейсоқ жүргіншіге күлімсіреу 
  30. Қайырымдылық

Өзіңіздің эмоционалды интеллектіңіздің төмен екендігін қалай білуге болады және ол үшін не істеу керек?

Егер Сіздің жеке өмірде жолыңыз болмай жүрсе, достарыңызбен және әріптестеріңізбен қарым-қатынас орната алмайтын болсаңыз, онда Сіздің эмоционалды интеллект деңгейіңіз төмен (EQ) болғаны. Шын мәнінде солай екендігін тексеріп көруіңізге болады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


1. Мен өз мүмкіндіктерімді дұрыс бағалаймын ба?

Сіз өздерінің қалжыңбас екендіктеріне өте сенімді, бірақ қасында отырсаң, зеріктіріп жіберетін адамдарды кезіктірген боларсыз. Сондай-ақ, өздерін керемет жазушы немесе журналистпін деп есептейтін жазғыштарды да атауға болады. Олардың қатарына түсірген суреттері өздерінен басқа ешкімге ұнамайтын фотографтарды да қосуға болады. Көп жағдайда мұндай адамдардың EQ деңгейі төмен болып келеді. 


Дұрыс дамыған эмоционалды интеллект адамның өзінің мықты және әлсіз тұстарын білетіндігін, артықшылықтарын дамытатындығын және өзінің де, өзгелердің де өмір сүруіне кедергі келтіретін кемшіліктерімен күресетіндігін көрсетеді. 


Эмоционалды интеллекті төмен адамды тану үшін оған басқа адамдардың сезімдерін түсінбейтіндігі жайлы айтыңыз. Ол өзін Сізге және басқа адамдардың барлығына қарағанда ең жақсы эмпат деп есептейтінін айтады. 


Төмен EQ белгісі: Сіз өзгелердің Сізді түсінбейтінін және еңбегіңізді бағаламайтынын, әділетсіз сынайтынын, қате бағалайтынын жиі сезінесіз.

2. Мен көп сын айтамын ба?

Төмен EQ иегерлері, ережеге сай, басқаларға қатысты өте сыншыл болып келеді. Түсіну және кешіру ұраны оларға арналмаған. Оларға түсіну, мейірімді болу жайлы өтініш жасалғанда ашуланады, сынап-мінеп, кеңес бергенді жақсы көреді. 


Ережеге сай, эмоционалды интеллекті төмен адамдар басқалар өте сезімтал деп ойлайды (себебі, өздері сондай сезімдерді бастан кешірмейді). Орынсыз жерде әзілдеп, кемшіліктерді күлкі қылуы мүмкін: әдетте бұл шындықтың көзін ашу мақсатында қамқорлықпен айтылып жатқандай көріну үшін жасалады. Олар осылай ету арқылы адамның жағдайын одан әрі нашарлатып, оның қайғысын күшейтетіндіктерін, әрі бақытсыз ететіндіктерін түсінбейді. 


Мұның себебі өте оңай: EQ төмен адамдар басқалардың не сезінетіндіктерін түсінбейді. 


Төмен EQ белгілері: егер адам Сіздің әзіліңізге ренжіп жауап берсе, онда оның тым сезімтал екендігін және болмашы нәрселерге аса қатты көңіл бөлетіндігін біліңіз. Егер Сізден эмоцияны білдіру арқылы жауап беруді сұраса, ол ашу-ыза, кек тудырады.

3. Мен басқалардың көзқарасын қабылдай аламын ба?

Төмен EQ иегерлерінің тағы бір ерекшелігі — дауқұмарлық және икемсіздік. Мұндай адамдардың өздерінің дұрыс екендіктеріне сенімділігі сонша оларды алған бетінен қайтару мүмкін емес. Олар өздерініке ұқсамайтын дәлелдерді қабылдаудан бас тартады, оларды жалған деп есептейді. 


Төмен EQ белгісі: Сіз жоқ жерден дауласасыз (оған кез келген нәрсе себеп болуы мүмкін) және қарсыласыңыздан әрдайым көп дәлел келтіруін талап етесіз. Дауға кез келген адамды кірістіріп жібересіз: достарыңыз, жақындарыңыз және әріптестеріңіз. Мұндай пікірталас көп жағдайда барлық тараптар үшін діңкені құртатын іске айналып кетеді.

4. Мен өз қателіктеріме басқа адамдарды кінәлаймын ба?

Өз сезімдеріңді басқара алмау көп жағдайда эмоционалдық булығуларға (вспышка) алып келеді. EQ деңгейі жоғары адамға оның алдын алған оңай, себебі ол өзінің қандай күйде екенін біледі және сезімдерін басқаруға тырысады. 


Бірақ EQ деңгейі төмен адамдарда бұл мүлдем басқаша түрде өтеді. Өзің түсінбейтін нәрсені бақылау өте қиын. Сондықтан олардың қасындағы эмоционалды интеллекті барынша жоғары адамдар мұндай булығуларды (вспышка) ақылға қонымсыз деп есептейді. 


Төмен EQ белгісі: Сіз әдетте өзіңіздің лайықсыз іс-әрекеттеріңізге өзіңізді емес, қасыңыздағы адамдарды немесе қандай да бір жағдайларды кінәлі етесіз. Бұл инстинктивті түрде жүреді, себебі Сіз мұндай эмоционалдық булығулардың (вспышка) себебі өзіңіз екендігін түсінбейсіз. Сол себепті өзіңізді құрбан санап, өкпелейсіз.

5. Мен өзімнің шынайы сезімдерімді жасырамын ба?

EQ төмен адамдардың ерекшелігі — күшті сезімдерді оятатын жағдайларда әрекет ету қабілетсіздігі. Ондай адамдар олардан қашуға тырысады және сол себепті қасындағылардан өздерінің шынайы сезімдерін жасырады. 


Төмен EQ белгісі: Сізге достық және ғашықтық қарым-қатынастарды сақтау қиын. Сізге көнуге мәжбүр болып, келісімге келу, қасыңыздағы басқа адамның пікірімен санасу ашуландырады. Бойыңызда аяушылық сезімі жоқ, Сізге жақын адамыңызды қалай қолдау керектігін түсіну қиын.

6. Мен өзімді басқа адамның орнына қоя аламын ба?

Бұл жерде барлығы өте оңай: эмоционалдық интеллект деңгейі төмен болған кезде адам өзінің де, басқалардың да сезімдерін түсінбейді, оның бойында эмпатия болмайды. Сонымен қатар, кей жағдайларда ол басқалар үшін уайымдауға тырысады (мысалы, үйсіз күшіктер мен мысықтар оның көңілін босатуы мүмкін). Бірақ адамдармен қарым-қатынаста барлығы мүлдем басқаша. 


Төмен EQ белгісі: Сіз басқа адамның орнында болсаңыз қандай сезімдерді бастан кешіретініңіз жайлы ешқашан ойланбайсыз. 



EQ деңгейі төмен адамдарға тән тағы бірқатар ерекшеліктер төменде келтірілген:


  • Оларға адамдар қызық емес, мұндай адамдар олардың мінез-құлықтарының қандай екендігін, олардың әрекеттерінің астарында не жатқандығын түсінуді қаламайды.


  • Олар жағымсыз сезімдерді бастан кешіреді, бірақ көп жағдайда оның себебін түсінбейді.


  • Олар өздерін көп ойлайды, қасындағылардың көмекке зәру екенін жиі байқай бермейді.


  • Олар қателіктерден қорқады және олардан қорытынды шығармайды, сәтсіздіктерден кейін өздеріне келу қиынға соғады, ағаттықтарды көп ойлай береді, өз-өздерін көп кінәлайды.


  • Олар өз түйсіктеріне сенбейді, мұны ақымақтық деп есептейді.


  • Олардың жаңа жағдайларға бейімделуі қиын, өзгерістерді ұнатпайды.


  • Олар тыңдай да, ести де алмайды.

Эмоционалды интеллектті қалай жетілдіруге болады?

Өзіңізді зерттеңіз

Бұл үшін Сізге белгілі бір уақыт аралығындағы (мысалы, апта) оқиғаларды және олардың Сізде қандай сезімдерді туғызғанын жазып отыру керек. Таңертең қандай сезіммен оянғандығыңыз, таңғы кофені ішіп отырғанда, жұмысқа бара жатқанда, бастығыңыздан сөз естігінде, достарыңызбен кездескенде және т.с.с қандай күйде болғандығыңыз жайлы барлығын жазыңыз. 


Ағзаңыздың әртүрлі сезімдерге қалай жауап беретінін анықтаңыз

Ғашықтықтан басыңыз айнала ма? Күйзеліс кезінде өзіңізді қалай ұстайсыз: жылағыңыз келе ме, әлде керісінше жаныңыздағының барлығын қиратқыңыз келе ме? Шаршағанда не істейсіз? Басыңыздан өткен күшті сезімдерден кейін не сезінесіз? 


Сезімдер мен өз әрекеттеріңіз арасындағы байланысты табыңыз

Мысалы, егер Сіз ызалы болсаңыз, ашуыңызды жаныңыздағы адамнан аласыз немесе ұялсаңыз, ешкіммен араласқыңыз келмей қалады. Осы байланысты талдап, нені өзгерткіңіз келетінін анықтаңыз. 


Сізге жағымды сезімдер сыйлайтын дүниелерді табыңыз

Бұл сүйікті кафеңізге бару, дәмді кофе, баланың күлкісі, терезе алдындағы әдемі көрініс, орманда серуендеу болуы мүмкін. Бұл Сіздің жағымды толықтырулар қажет болған кездегі мызғымас қорыңыз болады. Оптимист болыңыз. 


Басқа адамдармен араласқан кезде барынша ашық және салмақты болыңыз

Өз ұстанымыңызға анық дәлелдер келтіріңіз, бірақ адамдарға қысым жасамаңыз. 


Басқа адамдардың пікірін қабылдауды үйрену үшін мысал ретінде теледидардағы пікірталастарға талдау жүргізіп көріңіз

Алдымен бір оппоненттің, содан кейін келесісінің жағына шығыңыз. 


Эмпатияны дамытыңыз

Өзіңізді басқа адамдардың орнына жиі қойыңыз, өзгелердің қандай сезімде болатынын, оларға қаншалықты көмекке зәру екендігін елестетіп көріңіз. 


Басқа адамдарға, олардың ой-пікіріне, ұстанымына қызығушылық танытыңыз

Олардың сезімдерін ым, ишарат, дауыс бойынша табуға тырысып көріңіз. 


Өзіңіздің адамдарға қалай әсер ететініңізді анықтаңыз

Сіз ашуландырасыз ба, әлде қуантасыз ба? Жүйкесіне тиесіз бе, әлде тыныштандырасыз ба? Сіз жақындарыңызға осы сұрақты қоя аласыз, бірақ теріс жауап алған жағдайда ренжімеңіз. Оны кез келген уақытта түзетуге болады. 


Есіңізде болсын

Сіз өз әрекеттеріңіздің үлгісін түсіне бастаған кезде оны бақылау оңайлайды. Сіз сезімге берілмей, белгілі бір жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керектігін саналы түрде шеше аласыз.

Қарым-қатынастағы эмоционалды интеллектті жетілдіруге арналған 3 қадам

Сезімдерді түсіну және оларды дұрыс білдіру қабілеті — берік әрі үйлесімді одақтың қажетті шарты. Мұндай пікірді отбасылық кеңесші Эллен Шрайер (Ellen Schrier) білдірген, сондай-ақ ол қарым-қатынастағы эмоционалдық интеллектті жетілдіруге қатысты үш кеңес ұсынады. 


Отбасылық кеңесші Эллен Шрайер бақытсыздардың басындағы қиындықтармен бақытты жұптар да бетпе-бет келеді, бірақ айырмашылығы тек олардың қиындықтарға қалай жауап беретіндігінде дейді. Сонымен, оның ойынша үйлесімді одақты бүлдіргіш қарым-қатынастан ерекшелейтін — жұптардың эмоционалдық интеллект деңгейі екен. 


Берілген жағдайда сезімдерді басқару қулық жасау немесе қайғы-мұңды басып тастау дегенді білдірмейді. Керісінше, күшті сезімдерден қашқақтау қарым-қатынасты тек нашаралатуы мүмкін, ал кез келген айла-шарғы жасау — адамдарды бір-бірінен алыстатады. 


Ашу, қорқыныш немесе ауыру сияқты теріс сезімдер қарым-қатынастағы қиындықтардың белгісі болып табылады. Аталған мәселелердің түп-тамырын тауып, оларды шешу үшін өз сезімдеріңізді қабылдау, түсіну және оларды сын, кінәлау немесе айыптауды пайдаланбай білдіру керек. Эмоционалды интеллект дәл осы үшін керек. 


Шрайер аталған пайдалы қасиетті келесі үш қадамның көмегімен жетілдіруді ұсынады.

1. Өз сезімдеріңізбен достасу

Өзіңіздің не сезінетініңізді және оған не әсер еткенін анықтаңыз. Бұл үшін уақыт пен жалғыздық керек болуы мүмкін. Оларды ішкі толғанысыңызды бастан толық өткізу үшін пайдаланыңыз. Тек қана теріс сезімдерден тасаланбаңыз. Есіңізде болсын: олар адамның қаншалықты жақсы екендігін көрсете алмайды. 


Сонымен бірге Сіздің жауап қатуыңызға не әсер еткенін, өзіңіздің мұндай сезімді бұрын бастан кешкендігіңізге талдау жасап көріңіз. Қиындық қандай да бір нақты жағдайға емес, бұрын бастан өткізген белгілі бір жан жарақаты кезінде қалыптасқан іс-әрекет үлгісіне немесе басқа да нәрсеге қатысты болуы мүмкін.

2. Тыныштану

Жағымсыз сезімдер жағдайды әділ бағалауға кедергі келтіреді. Сіз оларды сезінген кезде әдеттегеден өзге сыни немесе қорғаныс ұстанымында болуыңыз мүмкін. Сондықтан, мәселені талқылауға оралмастан бұрын санаңыз бен денеңізді босаңсытыңыз. Мұндай жағдайда кітаптар, әуендер, серуендеу, медитация немесе Сізге тыныштыққа оралуға көмектесетін кез келген іс жақсы көмектеседі.

3. Серігіңізге бет бұру

Өз сезімдеріңізді түсініп, тыныштанған соң нәтижелі әңгімелесуге кірісуге болады. Әңгіме барысында өз қажеттіліктеріңізді жағымды, бірақ аргессивті емес түрде білдіріңіз. Серігіңіздің сөзін бөлмей, оны тыңдауға тырысыңыз. Сондай-ақ оның сезімдерін түсінуге және қабылдауға ұмтылыңыз. 


Егер жағымсыз сезімдердің қайтадан ояна бастағанын сезінсеңіз, ұрыс шақырмаңыз және оны жалғастырмаңыз. Дұрысы ойлану үшін тағы бір үзіліс жариялаңыз. 


Мәселелерді осылайша шешу арқылы серіктестер қарсылас емес, одақтастарға айналады. Олар қиындықтар мен жағымсыз сезімдерге қарамастан әрқайсысы осы қарым-қатынасты сақтауға және екіншісін түсінуге тырысатынын сезеді. Нәтижесінде жұпта жақындықты, разылық пен бақытты сезінуге қажетті жағымды эмоционалдық ахуал қалыптасады.

Өз серігіңіз үшін орындай алатын кішігірім қуаныштар тізімі:

1. Махаббат және алғыс сөздері жазылған хат, оны серігіңіздің қалтасына салып қойыңыз 


2. Сөмкеге салынған кішкентай шоколад 


3. Серігіңіз жайлы не ойлайтыныңыз, алғыс білдіру және оған деген сезіміңіз жайлы жазылған күтпеген хабарлама жіберіңіз 


4. Өмірлеріңіздің маңызды сәттерінің бірінің суреті мен оған деген сезіміңіз жайлы күтпеген хабарлама жіберіңіз 


5. Сезіміңіз жайлы айнаға, көлікке, тоңазытқыштың есігіне жазу 


6. Гүл, тәттілер жіберіңіз 


7. Серігіңіздің әмиянына өз суретіңізді оған деген махаббатыңыз жайлы хатпен бірге салыңыз 


8. Аяқ массажы, аяққа арналған жылы ванна 


9. Кешкі асты майшаммен ішу 


10. Танысқан кездегі/кездесудің алғашқы жылдарындағы әуенді қосып қойыңыз 


11. Хат жолдаңыз 


12. Өлең шығарыңыз немесе мамандардың көмегіне жүгініңіз 


13. Өз серігіңізді не үшін сүйетініңіз немесе мақтан тұтаныңыз жайлы оның негізгі 10 қасиеті жазылған немесе "Ең керемет жұбай/жар" жазбасы бар жейде сыйлаңыз 


14. Төсекке таңғы ас, ерекше смузи алып келіңіз 


15. Сіздің оған деген махаббат сөздеріңізден басталатын дәптерше сыйлаңыз 


16. Ағаш отырғызыңыз 


17. Серігіңіз баруды армандап жүрген жерге билет сыйлаңыз 


18. Жұмыстан, кездесуден, әуежайдан (егер ол іссапар болса) кездейсоқ күтіп алыңыз 


19. Күтпеген жерден түскі асқа келіңіз 


20. Оның не нәрсені көптен армандап, бірақ қолы жетпей жүргенін есіңізге түсіріңіз 


Өз қиялыңызға ерік беріңіз, көңіл бөлудің тіпті кішігірім сәттерінің өзі бізді шынайы бақытқа бөлейді!

-->